Павлодар облысы, Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылындағы жетім балалаларға арналған «Электроник» сауықтыру лагерінде балалар жаппай тамақтан ұшынып қалды.
Бастапқы бетте лагерь басшылығы деректі жасырмақ болған. Алайда, балалардың іштері ауырып, құса бастайды. Сөйтіп, облыс орталығынан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.
Қазір 11 бала Павлодардағы инфекциялық ауруханада жатыр. Олар мұнда ауыр халде жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайлары жаман емес.
Бүгіннен бастап, «Электроник» лагерінің жұмысы тоқтатылды.
Салтанат Наурызбаева, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы:
11 балаға шұғыл хабарлама келіп түсті. Оның жетеуі бактериялы тамақтан улану болды, төртеуі ішек жұқпасы диагнозымен ауруханада жатыр. Қазір жағдайлары қалыпты күйде.
Болат АМАНБАЕВ