Шекара қызметіне 250 лейтенант жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара қызметіне 250 лейтенант жол тартады

28.06.2014
Биыл Шекара қызметінің офицерлік құрамы 250 лейтенантпен толықты. Олардың арасында 14 лейтенант академияны үздік бағамен аяқтап, бітіруші түлектердің бесеуі лейтенант әскери шенін Астана күні қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан алу құрметіне ие болды. 80 жылдық тарихы бар шекара академиясында бүгінде ТМД елдерінен азаматтар келіп білім алуда.
 
Әдемі қоштасу вальсінен кейін лейтенанттар 4 жыл алған білімдерін көпшілікке көрсетті. Олар сапта жүру, қару-жарақты қолдану, қоян-қолтық ұрыс қимылдарын шебер меңгерген. Бұл тәжірибе лейтенанттардыңшекара шебін шегендеуге дайын екендігін аңғартты.
 
Марат Балтабекұлы, лейтенант:
Біз бұл күнге 4 жыл бойы өзіміздің білімімізді, кәсіби деңгейімізді жетілдіру арқылы жеттік. Қазақстан халқына, Президентіне адал қызмет етеміз. Отанымыздың шекарасын берік күзетеміз.
 
Шекара академиясының материалдық - техникалық базасымықты. Офицерлердің ғылымға терең бойлауына барлық мүмкүндіктер қарастырылған. Соның көрсеткіші биыл тұңғыш рет философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін 5 офицер қорғап, 39 магистрант бітірді. 17 тыңдаушы академияның 1 жылдық курсын тәмамдады.
 
Салтанат Дүйсенова, Кәсіби тілдер дайындық кафедрасының бастығы, подполковник:
Біздің жастарымыз тек қана қаруды ған емес, сонымен қатар қоғамдық саяси ортада өздерінің ойын жүйелеп сауатты жеткізе білетіндей болашақта әскери ғылымды дамытатындай маман болып шығуы тиіс.
 
Шекара шебінің қауіпсіздігі мен ел амандығы басты міндет. Осы қағиданы берік ұстанған шекарашылар жуырда қызметке кіріседі. Теорияны тәжірибеге ұштастырып біліктіліктерін шыңдайды.   
 
 
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу