Облыс әкімі телеарна тынысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімі телеарна тынысымен танысты

28.06.2014
Облыс әкімі телеарна тынысымен танысты
Журналистердің кәсіби мерекесінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ұлттық арнаның өңірдегі филиалында болды. «Қазақстан-Ақтау» - кең аудиториялы арна.
 
Өңір халқының түгелі дерлік телеарнаның тұрақты көрермені. Сауалнама нәтижесі осыны анықтады. Эфирге шығатын хабарлардың 82 пайызы арнаның төл туындысы.
 
Ұжыммен кездесу кезінде әкімге білікті журналистердің тапшылығы мен кадрларды даярлауға күш салу керектігі айтылды. Сондай-ақ, қызметкерлерді жатақханамен қамту мәселесі көтерілді.
 
Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:
«Төртінші билік» болған соң, сіздермен қарым-қатынас бізде жақсы болуы керек. Қандай реформа жүргізілсе де, жоба жүзеге асырылса да халық қолдамаса оны орындау қиын. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше.
 
 
Жазира ӘБІЛ
 

Хабарламаларға жазылу