Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы

27.06.2014
Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы
Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы. Облыстарда олардың саны  5-10 адамнан аспайды.
 
Ал, аудандарда мұндай мамандар атымен жоқ. Бүгін осы мәселелерді шешу үшін Сот актілерін орындау комитетінің өкілдері Астанада жиын өткізді.
 
Олардың айтуынша, қазір елімізде мемлекеттік сот орындаушылардың атқаруында  1 миллион 610 мың құжат болса, жеке сот орындаушылардың атқаруында небәрі 87 мың құжат бар.
 
Бұл атқарушылық құжаттардың жалпы мөлшерінің  тек 6 пайызы ғана. Осы орайда, Сот актілерін орындау комитетінің басшылығы бірқатар ұсыныс жасады.
 
Мәселен, еліміздің қалалары мен облыстарында жеке сот орындаушыларын оқытатын арнайы курстар ашу, сондай-ақ, мемлекеттік құзырлы органдар мен жеке сот орындаушылар институттарының арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
 
Ғалымбек Смағұлов, Республикалық жеке сот орындаушылар алқасы төрағасының орынбасары:
Бүгінде банктер заң бойынша біздің сот орындаушысының қаулысын орындамайды. Ал, біз олардан жеке тұлғаларға қатысты мәліметтер ала алмаймыз. Мемлекеттік органдар біріге отырып, осы мәселелерді қарау керек.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу