Студия қонағы – Илкка Рэйсэнен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студия қонағы – Илкка Рэйсэнен

26.06.2014
Студия қонағы – Илкка Рэйсэнен
Бүгін біздің студиямызда Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Рэйсэнен келіп отыр. Студиямызға қош келдіңіз!
 
-Жақында Астанада ашылған Фин іскерлік орталығының екі елдің кәсіпорындары арасында байланыс орнату мақсатында құрылғанын білеміз. Орталықтыңалдағыжоспарықандай?
 
- Былтыр сіздердің Президенттеріңіз Финляндияда болып, ал біздің президент Қазақстанға сапармен келгеннен кейін, осы орталықты құру туралы келісім жасалды. Осыдан кейін біз іс-әрекетке көштік. Бұл хабты ашу – біз үшін үлкен жетістік.
 
Орталықтың тұсауы мамырдың 21-де Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатқан тұста кесілді. Осындай ынтымақтастық арнасының болуы біз үшін өте маңызды. Бұл – кәсіпкерлер, зерттеушілер мен студенттер үшін инновация, инвестиция және т.б. мүмкіндіктер туралы мәліметтер алуға болатын ортақ терезе.
 
- Қазақстан мен Финляндияның жасыл экономика және әлеуметтік жаңғырту саласындағы серіктестігі қалай дамып жатыр?
 
- Бізде ынтымақтастықтың 3 деңгейі бар: Олардың бірі – аймақтық-ынтымақтастық деңгейі. Қазақстанжасылэкономикасаласындааймақтықжәнеинновациялықдамубастамасынкөтерді. Жаңамодернизациялықидеялардыкүлліаймаққатаныстырды.
 
Әріптестер ретінде бұл біз үшін өте маңызды. Және сіздерде 2050 стратегиясы бар. Бұл орайда біз жасыл экономика, энергия үнемдеу және тағы басқа салаларды дамытуға жәрдемдесуге ниет танытып отырмыз.
 
- Өткен жылы Астана мен Оулу қалалары арасында бауырластық қатынас орнатылды. Осы ынтымақтың нәтижелері қандай?
 
- Ең басты жетістік - инновациялық тұрғыдан дамыған, замануи екі қаланың тығыз қарым-қатынас деңгейіне шығуы. Олархалықтыңпайдасыүшін, тазаауаменэнергияүнемдеуүшінеңозықтехнологияғақолжеткізугетырысуда.
 
- Бірнеше күннен кейін Астана күнін тойлаймыз. Елордалықтарға айтар лебізіңіз...
 
- Мен Астананың әрбір тұрғынына денсаулық, бақыт, гүлдену тілей отырып, әлемдегі ең әдемі әрі озық қаланы мақтан тұтыңыздар, дегім келеді.
 
-Сұхбатыңызға рахмет!

Хабарламаларға жазылу