Жемқорлықпен күрестің жаңа тұжырымдамасы түзіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен күрестің жаңа тұжырымдамасы түзіледі

26.06.2014
Жемқорлықпен күрестің жаңа тұжырымдамасы түзіледі
Елімізде жемқорлықпен күресудің  жаңа тұжырымдамасы түзіледі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тетіктері» атты халықаралық конференцияда айтылды.
 
Жиынға  Германия, Польша, Ресей және Қытайдың дипломатиялық корпустарының өкілдері, Алматы қаласының құзырлы органдарының басшылары қатысты.
 
Конференция барысында сыбайлас жемқорлық, «көлеңкелі экономика» саласындағы қылмыстармен күресуде өзара тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.
 
Нұрлан НАУРЫЗӘЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу