Акция барысында Жастар сарайынан бастап, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына дейін автожарыс ұйымдастырылып, қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама қойылды.
Мұндағы мақсат - қоғам мен жастардың назарын есірткіге қарсы күрес мәселесіне аудару мен есірткіні заңсыз қолданудың, тасымалдаудың алдын алу. Сондай-ақ, жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру.
Дмитрий Колокин, акция ұйымдастырушысы:
Ішкі істер дапартаментінің қарқынды жұмысының нәтижесінде есірткі қолдану көрсеткіші төмендеді. Бұл жыл сайын осындай шараларды ұйымдастырудың арқасы, деп білемін.
Шырақ БАЙКЕНОВА