Қазақстанда есірткімен күрес арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда есірткімен күрес арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады

26.06.2014
Қазақстанда есірткімен күрес арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады
 
Есірткімен күресте Еуропа елдерінің тәжірибесі Қазақстанға үлгі болмауы тиіс. Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов осылай деді.
 
Оның айтуынша, «кәрі құрлықтың» кей елдерінде есірткі саудасы заңдастырылған.
 
Алайда, «Бұл тәжірибені зерттей келе, оның тиімсіз екеніне көзіміз жетті», дейді ол.
 
Қазақстанда есірткімен күрес арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге асады. Онда, әсіресе, шекара мәселесіне басымдық берілген.
 
Өйткені, елімізге сырттан тасымалданатын есірткінің 90 пайызға жуығы кедендік тексеру кезінде әшкере болады.
 
Айта кетейік, қазір елімізде 40 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Оның 4,5 мыңы - Қарағанды облысының тұрғындары.
 
Анатолий Выборов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы:
Өткен жылы елімізде 700 келіге жуық есірткі тәркіленген. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 15 пайызға төмен. Әсіресе, нашақорлар арасында синтетикалық есірткіні тұтыну көбейіп келеді. Ол бізге Ресей арқылы Батыс Еуропадан тасымалданады.
 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу