Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті

26.06.2014
Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті
 
Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті. Оған қала жастары мен Есірткіге қарсы күрес комитетінің өкілдері қатысты.
 
Акция барысында Жастар сарайынан бастап, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына дейін автожарыс ұйымдастырылып, қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама қойылды.
 
Мұндағы мақсат - қоғам мен жастардың назарын есірткіге қарсы күрес мәселесіне аудару мен есірткіні заңсыз қолданудың, тасымалдаудың алдын алу. Сондай-ақ, жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру.
 
Дмитрий Колокин, акция ұйымдастырушысы:
Ішкі істер дапартаментінің қарқынды жұмысының нәтижесінде есірткі қолдану көрсеткіші төмендеді. Бұл жыл сайын осындай шараларды ұйымдастырудың арқасы, деп білемін.
 
Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу