Прокуратураға өтініш беру жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокуратураға өтініш беру жеңілдеді

25.06.2014
Прокуратураға өтініш беру жеңілдеді

Көп жағдайда тұрғындарды қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеті, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңнаманың және сот актілерінің орындалу тәртібі мазалайды.

 
Осы мәселелер бойынша биылғы бес айда 121 мың адам прокуратура органдарына шағымданған.
 
«Өтініш беру біршама жеңілдеді. Оны пошта арқылы жолдап қана қоймай, енді электронды порталға да жібере алады», дейді сала мамандары.
 
Ләззат Жанысова, ҚР Бас прокуратурасының басқарма бастығы:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініштерді қабылдау деген пилоттық жобаны жасап, іске қостық. Әзірше, бұл Астана қаласының орталықтарында жүзеге асырылып жатыр. Олар арқылы Бас прокуратураға немесе Астана қаласының прокуратура органдарына жолданған өтініштер қабылданады.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу