Еуразия Ұлттық университетінің студенттері Тайвань, Оңтүстік Корея, Ресейдің іргелі оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл туралы білім берудегі жаңа жетістіктер тақырыбында өткен халықаралық симпозиумда айтылды.
Шетелдің құрылыс саласының білікті ғалымдары 2 күн бойы тәжірибелерімен бөлісіп, білімгерлерге дәріс оқиды. Сондай-ақ, Астананың сәулетті құрылыс нысандарын аралап көреді. Жиын соңында Тайвань, Қытай жоғары оқу орындары мен Еуразия Ұлттық университеті арасында академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Асқар Жүсіпбеков, Геотехнология институтының директоры:
Бүгін біз құрылыс саласында білім беру жүйесі қай деңгейде екенін талқыладық. Құрылыс саласын елімізде дамытумыз керек. Өйткені, алда EXPO-2017 халықаралық көрмесі келе жатыр. Оған дейін 80-ге жуық қонақүй салу жоспарланған. Ғимараттар қауіпсіз,ыңғайлы болу керек. Сондықтан, осындай келелі жиындарда білікті ғалымдардың пікірі бізге артық етпейді.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ