Шетелдің құрылыс саласының білікті ғалымдары 2 күн бойы тәжірибелерімен бөлісіп, білімгерлерге дәріс оқиды. Сондай-ақ, Астананың сәулетті құрылыс нысандарын аралап көреді. Жиын соңында Тайвань, Қытай жоғары оқу орындары мен Еуразия Ұлттық университеті арасында академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Асқар Жүсіпбеков, Геотехнология институтының директоры:
Бүгін біз құрылыс саласында білім беру жүйесі қай деңгейде екенін талқыладық. Құрылыс саласын елімізде дамытумыз керек. Өйткені, алда EXPO-2017 халықаралық көрмесі келе жатыр. Оған дейін 80-ге жуық қонақүй салу жоспарланған. Ғимараттар қауіпсіз,ыңғайлы болу керек. Сондықтан, осындай келелі жиындарда білікті ғалымдардың пікірі бізге артық етпейді.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ