Енді оны Қазақстанда салу үшін Халықаралық адам институты арнайы бағдарлама дайындап, оны Мәжілс депутаттарына таныстырды. Жоба бойынша арнайы нысан салу көзделген. Жалпы құны 80 миллион еуро.
Бірақ осы жерде депутаттардың пікірі екіге айырылды. Кейбірі «Бұл өте қажет десе», қалғандары «осынша ақшаны шашпай-ақ, қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалансақ та жетер еді», дейді.
Ал жобаны талқылауға шақырылған Білім және ғылым министрлігі мен «EXPO» Ұлттық компаниясының өкілдері жобаға жалпылай қолдау білдірді. Дегенмен, кейбір тұстары әлі де түзетулерді қажет етеді.
Ал EXPO көрмесі аясында жас ғалымдар мен балалардың «Болашақ энергиясы» атты тақырыпта дайындаған еңбектері ешқандай ғылым паркін салмай-ақ насихатталатын болады.
Әлішер Пірметов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Көрме тарапынан балаларға арнайы павильон құру мәселесі бойынша, жалпы көрме көлемінде 4 павильон болады. Оны Елбасының өзі бекітті. Оны өзгертуге болмайды. Бірақ,1 павильонның ішінде «Болашақ энергиясы» деп аталатын орын болады. Сол жерде балалардың еңбектерін қоюға мүмкіндік жасай аламыз. Ол үшін ешқандай мәселе жоқ. Тұтастай жобаны қолдауға болады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ