Қазір барлық кеніш қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл өңірде жер сілкіну қаупі жоқ деп есептеледі.
Арнайы сейсмологиялық орталық болмағандықтан, табиғаттың тосын құбылысының нақты себебін тез арада анықтаудың сәті түспеді.
Әзірге Алматыдағы осы саладағы ғылыми- зерттеу институтының жауабы күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 21-ші маусым күні күндізгі сағат 12.30-да Қарағандының оңтүстік-шығысы мен жақын маңдағы аудандарында жер сілкінісі тіркелді.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, дүмпудің күштілігі 4,8 балға дейін жеткен.
Қуаныш Мүтәллапов, Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Кен орындарының барлығы тексерілді. Бұған жарылыс заттарының қатысы болмағаны анықталды. Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимараттар тіркелген жоқ. Сондай-ақ, зардап шеккен, қаза тапқан адамдар да жоқ.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ