Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет

23.06.2014
Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері бүгін тұңғыш рет кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Бұл өңірде 8 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың орта жасы - 40, ал орташа еңбек өтілі - 7 жыл.
 
Елбасы саясатын жүзеге асыруда қызмет етіп жатқан сала мамандарының арасында 7-еуі «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгі иегері, 14-і Алматы облысының құрметті азаматы.
 
Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов барлық қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиада жеңімпаздарын да марапаттады.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу