«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалыстың тұғырнамасы талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалыстың тұғырнамасы талқылануда

23.06.2014
«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалыстың тұғырнамасы талқылануда
28 маусымда «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының I форумында еліміздің 2050-ші жылға дейінгі даму жолын айқындаған стратегияны жүзеге асыру барысы  қай деңгейде екені әңгіме өзегіне айналады.
 
Бұл туралы бүгін қозғалыстың сарапшылары мәлімдеді. Форумға еліміздің әр түкпірінен келген 400-ге жуық делегат қатыспақ.
 
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысын құру туралы бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр «Болашақ» түлектерінің форумында көтерген болатын.
 
Бүгін қозғалыс белсенділерінен құралған сарапшылар форум қарсаңында ұйымның жуырда қабылданған тұғырнамасын талқылады. 4 тараудан тұратын бұл құжатта қозғалыстың мақсат-міндеттері мен негізгі бағыттары айқын жазылған.
 
Мұхтар Манкеев, «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының мүшесі:
Тұғырнамада «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының көптеген сұрақтарына осы қозғалыстың не үшін құрылғаны, қандай мақсаттары бар және «Қазақстан – 2050» стратегиясын дамытуға қандай үлес қосатыны туралы сұрақтарға осы тұғырнамадан жауап алуға болады.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу