Қоғамдық қабылдаудағы келелі мәселелер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық қабылдаудағы келелі мәселелер

20.06.2014
Қоғамдық қабылдаудағы келелі мәселелер
«Нұр Отан» партиясының Алматы облысындағы филиалының төрағасы, өңір басшысы Аңсар Мұсаханов тұрғындарды қабылдады. Өтініштерін тыңдап, мәселелерін қарады.
 
Қоғамдық қабылдауға келген ағайын бұрынғыдай жеке бастың қамын емес, көпшіліктің назын айтуға бет бұруда. Балабақша мен мектептердің аздығын, мәдениет үйілерінің мүшкіл жай-күйін көтере бастады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі өз ауылы үшін өзекті ауызсу, жол және көгілдір отын мәселесін де көтерді.
 
Аңсар Мұсаханов, Алматы облысының әкімі:
Газ мәселесіне келсек, үлкен жобалар бар. Алматы-Байсерке-Талғар, содан кейін Алматы-Талдықорған. Бұл енді үлкен жобалар, тарихи жобалар. Әрине, Алматы-Байсерке-Талғар магистралі аяқталғаннан кейін, 2016-2017 жылдары әрі қарай жылжытамыз.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу