Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасы әзірленді

19.06.2014
Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасы әзірленді
Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына «Медициналық қылмыстар»  бөлiмi енгiзiлдi.
 
Енді фармацевтика саласындағы алаяқтық әрекеттер заңмен жазаланатын болады.
 
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
 
Қылмыстық істер жөніндегі Кодекс, Әкімшілік құқықбұзушылық, Қылмыстық атқару Кодексі - бәрі толығымен Мәжіліс және Сенаттың сүзгісінен өтті.
 
Қазір Елбасының қол қойылуына даярлануда. Қолданыстағы Қылмыстық Кодекс 1998 жылдың 1-қаңтарында күшiне енген болатын.
 
Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сол Кодекстің кейбір баптары бүгінгі күні туындап отырған мәселелерді өз деңгейінде шеше алмайтын болып отыр. Екінші жаңа Кодекс қабылдауға себеп болып отырған мәселе - қылмыстарды тез ашу,  тез дәлелдеп беру, сөзбұйдалыққа салынбай, тезірек соттың шешімін шығару мәселесі төңірегіндегі озық практиканы енгізу.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу