Осылайша, тұтынушылардың денсаулығына қауіп тудырған. Қазір қала прокуратурасының ұсынысы бойынша екі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен асхананың қызметі уақытша тоқтатылды.
Наиль Акчурин, қалалық прокуратура бөлімінің басшысы:
Бұл ауруханадағы науқастарға арналған асхана емес, қаралуға келген, амбулаториялық ем алып жүрген адамдарға ақылы қызмет көрсететін асхана. Тексеру азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және медициналық қызметтің сапасын тексеру мақсатында жүргізілді. Қорытындысында санитарлық талаптарды өрсекел бұзу деректері анықталды.
Рауан ДИӘЛИ