Көкшетауда геотекстиль шығаратын цех іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда геотекстиль шығаратын цех іске қосылды

18.06.2014
Көкшетауда геотекстиль шығаратын цех іске қосылды
 
Көкшетауда геотекстиль шығаратын цех іске қосылды. Автоматтандырылған қондырғымен жұмыс істейтін мұндай кәсіпорын Қазақстанда ашылған тұңғыш өндіріс ошағы. Кәсіпорын жылына 1000 тонна геотекстиль шығаруға қауқарлы.
 
Бұл материал Еуропа елдерінде   құрылыс саласына кеңінен қолданылады. Әсіресе, автокөлік жолын жақсарту үшін геотекстильді бетон немесе асфальттың астына төсейді. Осындай пайдасы бар материалды кәсіпорын алдағы уақытта көлік нөпірі көп Астана қаласының жолдарында қолдануды ұсынбақшы. 
 
Самат Жамбеталин, цех басшысы:
Бұл материалды жасау үшін таза полимер қолданылады. Су өткізгіш қасиетке ие. Шірімейді, каррозияға төзімді. Жарамдылық мерзімі - 25 жыл.  
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу