Экономикалық қылмыс – дамуға кедергі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық қылмыс – дамуға кедергі

16.06.2014
Экономикалық қылмыс – дамуға кедергі
 
Былтыр жеті мыңнан аса экономикалық қылмыс тіркеліп, мемлекетке тиесілі 220 миллиард теңге қолды болған. Ал шетел асырылған 200 миллион АҚШ доллары Қазақстанға қайтпай қалған.
 
Бұл туралы Бас прокуратурада өткен Үйлестіру кеңесінің жиналысында белгілі болды.
 
Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, салада  кемшіліктер көп. Біріншіден, істің ілгері басуына құқық қорғау және фискалдық мекемелердің әрекетіндегі үйлесімділік пен келісімді жұмыстың жеткіліксіздігі кедергі.
 
Сол себепті Бас Прокурор құқық қорғау және уәкілетті органдардан бірлескен жұмысты жандандыруды, экономикалық қылмыстарға тосқауыл қою бойынша профилактикалық және жедел іс-шаралардың тиімділігін арттыруды талап етті.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу