Қазір республика халқының 63 пайызы ана тілінде еркін сөйлесе, 92 пайызы орыс, 16 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Қазір «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.
Тілді оқытумен айналысатын орталықтардың саны артты, дейді Мәдениет министрі. 2011 жылы олардың саны 130 болса, қазір қазақ тілін оқытатын 351 мекеме бар. Алдағы уақытта халықаралық тәжірибеге сәйкес бұл орталықтардың да қызметі таразыланып, тексеруден өтпек.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:
Мемлекеттік қызметшілерге ендігіде қазақ тілін білуді міндеттеген жөн. Мұны 2015 жылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына қазтест жүйесін енгізу арқылы шешеміз.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ