Қазақстанның техника саласының мамандары әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алады. Бастысы - өзімен бірге NCCER сертификатын ала барса, жеткілікті. Мұндай жаңалық – «Кәсіпқор» Холдингі ұйымдастырған жиында айтылды.
NCCER сертификаты – жұмысшының арнайы курстан өткенін, біліктілігі жоғары екенін растайтын құжат.
Бүгінгі жиында отандық «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері британиялық «Pearson Ltd.» компаниясымен бірлесіп, оқыту курстарын ашатынын мәлімдеді.
Мұнда мұнай-газ саласының мамандарын, құрылысшы, инженерлерді қайта оқытпақ. Бұл курсты тәмамдағандарға – дамыған елдің барлығында мойындалған америкалық сертификат табысталады.
Марк Вудкок, «Pearson Ltd.» компаниясының аймақтық менеджері:
Біздің Қазақстанға келудегі мақсатымыз – техника саласы мамандарының біліктілігін арттыру, оларды дүниежүзілік талаптарға жауап бере алатын маман етіп шығару. Бұл курсты аяқтаған адам – тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзілік нарықта сұранысқа ие маман болады. Олардың аты-жөні білікті кадр ретінде, жаһандық NCCER базасына жазылады.
Нұрбек БЕКБАУ