Жанып кеткен орманды алқаптардың жалпы көлемі 45 гектарға жуық. Мамандардың есебінше, материалдық шығын 10 миллион теңгеден астам.
Орман өрттерінің басым бөлігі найзағай түсу салдарынан, ал, қалғаны тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан болған.
Сонымен қатар, өңірде дала өрттері де өршіп тұр. Қар ерігеннен бері аймақта 211 дала өрті тіркеліп, жалпы көлемі 4 275 гектар аумақ отқа оранған.
Бұдан бөлек, соңғы 5 ай ішінде облыста 5 адам суға батып кеткен. Олардың екеуі - бала. Төтенше жағдайлар департаменті өрт және суда шомылу қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейтіп, тұрғындарды абай болуға шақырады.
Әлібек Длимов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Көп жағдайда балалардың суға кетуі, олардың қараусыз қалғанынан болады. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шарасын жоғары деңгейде ұстауға тиіспіз.
Берік КӨШЕРБАЕВ