Ақтауда шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

05.06.2014
Ақтауда шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді
Ақтауда шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша өңірлік семинар өтті. Оған Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан аймағындағы қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлері, жергілікті құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ұйым мүшелері қатысты.
 
Олар пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады. Яғни мемлекеттік органдар бірлесіп жазасын өтеушілерді мемлекеттік бағдарлама аясында еңбекпен қамтуға атсалысады. Қазір облыста шартты түрде сотталған 324 азамат бар. Оның 156-сына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.
 
Дидар Атантаев, ҚР ІІМ бөлім басшысы:
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әкімдіктегілер бірлесе жұмыс атқарған кезде ғана нәтижелі болады. Жол картасы бағдарламасы бойынша оларға жұмыс береді. Бірақ, оның жалақысы аз деп сотталғандар көбінесе көмегіне жүгіне бермейді.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу