Павлодардағы түзеу мекемесінде спектакль қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы түзеу мекемесінде спектакль қойылды

05.06.2014
Павлодардағы түзеу мекемесінде спектакль қойылды
Павлодардағы Чехов атындағы орыс драма театры АП 162/2 түзеу мекемесіне барып, спектакль қойды. Өнер ұжымының бұл жолғы ұсынғаны лирикалық-комедия жанрындағы қойылым.
 
Антон Чеховтың «Предложение» шығармасында өткен замандағы ғашықтардың бір-біріне деген ынтызарлығы баяндалады. Алайда, абақтыда қойылатын болғандықтан режиссер бүгінгі өмірдің бейнесін көрсетуге тырысқан.
 
Яғни, ғашықтардың күтумен кешкен ғұмыры көрсетілді. Терең мағына бар. Адамды бақытты сәттерге жетелейді. Көрермен жүрегіне отбасы, сүйген жарға деген сезімді ұялатады.
 
Ербаян Қайырұлы, жазасын өтеуші:
Қызықты спектакль. Жиі келіп тұрғанына біз қуаныштымыз. Мекеме басқармасына осындай мереке ұйымдастырғандарына үлкен рахмет.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу