Бір айға созылған экологиялық шарада шығыс өңірдегі 100-ге тарта ірілі-ұсақты су қоймаларының ең көп ластанғандарына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акция кезінде жағалаулар тонналаған қоқыстардан арылды. Дүниежүзілік су қорларында түрлі қалдықтар мен қоқыстың көбеюі - бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған мәселе.
Судың ластануы экологияның бұзылуына ықпал етіп, адам денсаулығына кері әсер етеді. «Осыған жол бермеу басты мақсатымыз», - дейді табиғат жанашырлары.
Иван Лохтюк, қала тұрғыны:
Барлық табиғатты пайдаланушылар белсенді түрде тазалық акциясына қатысып жатыр. Қолда бар техникаларын жұмылдырды. Тракторлар, тіркемесі бар жеңіл көліктерімен келгендері бар. Қоқыс өте көп шығарылды. Осындай тазалық жұмыстарын үзбей өткізіп отырған жөн.
Ержан ЖАҚЫП