Электронды қызметті пайдаланушылар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды қызметті пайдаланушылар саны артты

06.05.2014
Электронды қызметті пайдаланушылар саны артты
Электронды үкімет қызметін пайдаланушылар саны бір миллион екі жүз мың адамға жетті. Бұл - қазақстандықтардың 12 пайызы. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген «Зерде» Ұлтық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басшылары алда атқарылар шаруалар легімен таныстырды.
 
Қазір кез келген Қазақстан азаматы 80-ге жуық анықтама түрін үйде отырып-ақ, электронды порталдың көмегімен ала алады. Орталық мамандары алдағы уақытта E-gov. қызметін халықтың 80 пайызы қолданатынын айтып отыр.
 
Бикеш Құрманғалиева, «Зерде» Ұлтық ақпараттық-коммуникациялық холдингі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
Мына қызықты қараңыз, бұрындары Халыққа қызмет көрсету орталығына келген адам орталық кеңесшісінің көмегіне жүгінетін. Ал, қазір бәрі керісінше, үйде отырып рәсімдейді немесе орталыққа келген күннің өзінде қажетті құжатын электронды қызмет көрсету аппаратынан алуға тырысады. Өйткені, электронды жүйе өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу