Ғасыр жасаған әжеге пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғасыр жасаған әжеге пәтер кілті табысталды

04.05.2014
Ғасыр жасаған әжеге пәтер кілті табысталды

Әйелдер күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңірдегі 100 жасаған кейуананы арнайы құттықтай барды. Мерекеге орай бағалы сыйлықтарын да ала келді. 

 
Биыл 8 наурыз күні 100 жасқа толатын Жамал Неталиеваға аймақ басшысы жаңа пәтердің кілтін табыстады.
 
Кейуана жалғыз өзі 7 бала тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосты. Күн-түн демей, зауыттың қара жұмысын істеген. Балаларынан тараған 6 немере мен 8 шөбересі бар. Күні бүгінге дейін бір бөлмелі пәтерде тұрып келді. Пәтерге мұқтаж адам ретінде осыдан тоғыз жыл бұрын кезекке тұрған болатын.
 
Гүлшара Неталиева, қызы:
Анамның атынан соғыс ардагерінің жесірі ретінде пәтер сұрадық. Ғасырлық тойына жақсы тарту болып тұр. Рахмет айтамын.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу