Шығыс Қазақстан облысында өрттің салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаБесқарағай ауданының Глуховка ауылында болған.
Шағын елді мекенде бір үй отқа оранғаны туралы шұғыл хабар құзырлы органдарға түнгі сағат 2-лер шамасында түсті.
Өрт сөндірушілер келгенше, үйдің төбесі ортасына түскен. Құтқарушылар үй ішінен 2 адамның күйген мәйітін тапты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 160 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.
Берік КӨШЕРБАЕВ