Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен

30.04.2014
Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен
Банк қызметкері қомақты қаржының ұрлануына көмектескен. Алматыда полицейлер екінші дәрежелі банк клиенттерінің бірінің есепшотынан заңсыз ақша ұрлаған алаяқтар тобын ұстады.
 
Мамандардың айтуынша, банк клиентінің есепшотынан 1 миллион 108 мың 500 доллар көлеміндегі жинақ ақшасы ұрланған. Бұл алаяқтық схемасына бес адам қатысқан.
 
Күдіктілердің бәрінің ісі әшкереленді, қазір олар қомақты ақша ұрлығы бойынша жауап беріп жатыр.
 
Бірінші кезекте банк бөлімшесінің бұрынғы басшысы мен оның танысы тұтқынға алынды.
 
Қаржы мекемесінің қызметкері қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше күннен соң жұмыстан шығып кеткен және қылмыстық жолмен тапқан табысына пәтер  алып та үлгеріпті.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу