Шатақ дін - надандық жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шатақ дін - надандық жолы

29.04.2014
Шатақ дін - надандық жолы
Кез келген мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани жағдайына ықпал ететін үрдістің бірі - терроризм. Қазір әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғасып, түрлі топтар құрылу үстінде.
 
Әсіресе, мұндай ұйымдардың арбауына көбіне діни сауаты таяз жастар арбалып жатыр. Жат ағымның өзегін аршу үшін бүгін еліміздің Дін істер агенттігі өкілдері мен прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары Алматы қаласының студенттерімен жүздесті.
 
Пікір алмасу алаңын құрып, әлемдегі түрлі террорлық әрекеттердің тауқыметін көріп отырған мемлекеттерді мысалға келтірді. Шатақ дінге шатылған адамдардың өмірінен сыр шертетін «Құрбандар» деректі фильмі көрсетілді.
 
Қазір жастардың сауатын ашу мақсатында әрбір жоғары оқу орнында дінтану пәні жүргізіледі. Ақпарат құралдарынан экстремизмдік ағым турасында әртүрлі бейнебаяндар мен бағдарламалар көрсетіледі.
 
Ендігі кезекте құқық қорғау қызметкерлері шалғайда жатқан елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Алдағы уақытта тек жастарға ғана емес, олардың ата-аналарына да дәрістер оқылады.
 
Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары:
Халықтың арасында үлкен түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Әсіресе, қазіргі күні 500-ден көп, насихат түсіндіру жұмыстарымен айналысатын топтар біздің мемлекетімізде жұмыс жасауда. Былтыр және осы жылдың бірінші тоқсанында 1 миллион 700 адам қамтылды осы жұмыспен. Олармен тікелей біз кездестік, сұрақтарына жауап бердік, мемлекетіміздің жүргізіп жатқан саясатын түсіндірдік.
 
 

Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу