«Нұр Отан» партиялық тәртіп қатаңдатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиялық тәртіп қатаңдатпақ

29.04.2014
«Нұр Отан» партиялық тәртіп қатаңдатпақ
Бұдан былай партиялық тәртіпті сақтауға байланысты бақылау қатаңдатылады. Аймақтардағы 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарында мониторинг күшейтілді. Саяси ұйымның  бақылау комитеті партия қатарынан партиялық тәртіпті бұзғандарды шығару жұмыстарын бастап кетті.
 
Қабылданған шаралар нәтижесінде Жарғы талабын өрескел бұзғандар, мүшелік жарнаны төлеуден жалтарғандар және қандай да бір себепке байланысты партиямен байланысын үзгендер партия қатарынан шығарылады.
 
Соңғы 6 айда «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны 25 мың адамға қысқарды. Шеттетілгендердің ішінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жол бергендер де бар.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу