Солтүстікқазақстандық диқандар көктемгі егіске дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық диқандар көктемгі егіске дайын

29.04.2014
Солтүстікқазақстандық диқандар көктемгі егіске дайын
Ғылымның жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы керек. Сонда ғана мол әрі сапалы өнім алуға болады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіске дайындықты пысықтау үшін өткен семинарда айтылды. 
 
Ауыл шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, егіншілікті ғылыммен ұштастыру керек, яғни, ылғал сақтау технологиясы сынды жаңашылдықтарды қолданған жөн.
 
Егістік алқапты әртараптандыру, яғни, экономикалық тиімді дақылдарды ғана егудің де маңызы зор. Шаруалар биыл да соқа-сайманын дайындап қойған. Жалпы ауданы 4 миллион 340 мың гектар алқапқа дән екпек.
 
Бір қуанарлық жайт, соңғы жылдары майлы дақылдар егетін алқаптардың аумағы ұлғайып келеді. 
 
Серік Малаев, агроқұрылым басшысы:
Биылғы жылы майлы дақылдарға субсидияны көбейтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, олардың шығымы  көбірек. Дәнді дақылдарды азайтып, болашақта оның бағасын өсуіне өзінің септігін тигізеді.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу