Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

28.04.2014
Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамауға алынды
 
 
Алимент төлеуден бас тартып жүрген қарағандылық Александр Веселов есімді тұрғын сот шешімімен 5 тәулікке қамауға алынды. Оның қарызы 300 мың теңгеден асқан. Бір апта ішінде осындай айыппен 8 адам қамалды.
 
Александр бұған дейін қаладағы кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп, екі жыл бұрын қысқарып қалған екен. Содан бері 9 жасар қызына алимент төлеуді қойған. Жауапсыз әке қазір де жұмыссыз.
 
Бұған дейін табыссыз әкелер айына бір балаға 4665 теңгеден төлеп келсе, енді тиісті заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 27160 теңгеден беруге тура келеді.
 
Бұл алимент төлеуден қашып жүрген «көкек әкелерді» жұмысқа орналастырудың бір жолы,-дейді мамандар. Қазір туған баласына ақша төлемес үшін безбүйрек әкелер сан-қилы әрекеттерге баратын көрінеді.
 
Жұмыс орындарын жасырып, жалақысын бірнеше есеге төмендетіп көрсетеді, тіпті дүние-мүлкін жақын-жуықтарының атына аударып жіберуге дейін барады екен. Бүгінгі күні алимент төлемей жүрген 21 мыңға жуық азаматтың қарызы 167 миллион теңгеге жеткен.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу