Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды

25.04.2014
Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды
Орал қаласында ат спорты мектебінің бұрынғы директоры Нұрлан Тахамбетовке қатысты сот үкімі шықты. Оған журналиске қастандық ұйымдастырды, деген айып тағылған болатын.
 
Естеріңізге салайық, 2012 жылдың сәуірінде «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедияровқа қастандық жасалды. Кейін қолға түскен қылмыскерлер 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған болатын.
 
Көп ұзамай қастандықтың тікелей ұйымдастырушысы ретінде Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды.
 
8 айға созылған тергеу-тексеру амалдарынан кейін сот тағылған айып бойынша Тахамбетовті кінәлі деп тапты.
 
Райбек Қайырбеков, судья:
Тахамбетов Нұрлан Ыдырысұлы ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі, сонымен қатар, 96-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, осы баппен мүлкі тәркілене отырып, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі түзеу колониясы тағайындалсын.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу