Терроризм, экстремизм сынды ғасыр індетімен күресте қазақ және түрік полицейлерінің бір-бірінен үйренері мол. Бүгін Астанаға Түркия Ұлттық полициясының бір топ делегаты келді.
Олар Қаржы полициясы академиясында болып, кадр даярлаудың қазақстандық әдіс-тәсілімен танысты. Жеке құрамда кездесу өткізіп, кадр даярлау аясындағы келісімнің болашағын талқылады.
Зеки Чаталкайа, Түркия Ұлттық полициясы төрағасының бірінші орынбасары:
Бүгінде Қазақстан мен Түркия полицейлері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнаған. Біз бүгін сол әріптестікті одан әрі дамыту мәселесін жан-жақты талқыладық.
Андрей Лукин, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Экстремизм, терроризм және көлеңкелі бизнеспен күресуде Түркия полицейлер бізбен өз тәжірибелерін бөлісіп жатыр. Маман даярлаудағы тығыз байланыстың біздің қауіпсіздігіміз үшін пайдасы зор.
Шынар АСАНҚЫЗЫ