Көкшетаулық жігіт көлігімен тәртіп бұзғаны үшін алаңды тазалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық жігіт көлігімен тәртіп бұзғаны үшін алаңды тазалады

23.04.2014
Көкшетаулық жігіт көлігімен тәртіп бұзғаны үшін алаңды тазалады
Көкшетауда «BMW» автокөлігін тізгіндеген жас жігіт «Абылай хан» алаңына жүйіткіген жылдамдықпен келіп, облыстық әкімдіктің алдында «темір тұлпарын» шыр айналдырған.
 
Автөлік доңғалақтарының үйкелісінен пайда болған қап-қара із әп-сәтте алаңның сиқын кетірді. Кейіннен ол Абай көшесіне бет алған тұста тәртіп сақшыларының қолына түсті. 
 
Ерсі қылығы үшін енді 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ол өзінің бұл қылығын «той көліктерімен бірге жүріп, жастардың көңілін көтеру үшін жасадым», деп ақталды.
 
Заңға қайшы әрекет жасаған ол достарымен бірге, орталық алаңда күні бойы тазалық жұмыстарын жүргізді. 
 
Жасұлан Сейітов, Көкшетау қалалық ІІБ инспекторы: 
Ол әкімдіктің алдында көлігімен 8 санын бейнеледі. Біз аталған көлік иесінің оғаш қылығын көре сала оны бірден ұстауға тырыстық. Қазір бұл дерекке қатысты 463-баптың 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу