Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жемқорлық жайлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жемқорлық жайлаған

22.04.2014
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жемқорлық жайлаған
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына түскен шағымдардың дені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Тек, соңғы 4 айдың өзінде 954 арыз-шағым түскен.
 
Тіркелген деректер саланы сыбайлас жемқорлық дендегенін дәлелдеп отыр. Мәселен, өткен жылдың шілде айында тапсырылуы тиіс Ақтөбе қаласындағы «Энергия тиімділігі орталығының» құрылысы әлі аяқталмаған. Құрылыстың сағыздай созылғаны былай тұрсын, онда энергия үнемдеуші материалдар емес, кәдімгі кірпіш, шыны, бетон қолданылыпты.
 
Ал, Қызылордадағы миллиардтаған қаржыға тұрғызылған «Суды биологиялық тазарту станциясы да» толыққанды жұмыс істемей тұр. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы желге ұшқан.
 
Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққақарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысында осы олқылықтар сөз болды. Кеңес мүшелері тарапынан Өңірлік даму министрлігіне саладағы жемқорлықты жоюға байланысты нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу