Мемлекеттік рәміздерді қорлаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздерді қорлаған күдікті ұсталды

21.04.2014
Мемлекеттік рәміздерді қорлаған күдікті ұсталды
Павлодар облысы, Ертіс ауданындағы мемлекеттік мекемелердің маңдайшасында тұрған төрт бірдей Ту бір түнде жоқ болды. Атап айтқанда, екі аурухана және балаларға арналған өнер мектебі мен Қазынашылық басқармасынының көк байрағын ұрлап кеткен.
 
Бұдан бөлек, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мен ғұмырын айғақтайтын үш бірдей баннерді тас-талқан қылып кескілеген. Араға екі күн салып, күдікті қамауға алынды. Оның 29 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Бұрын сотталған. Өрескел қылығын «мастықпен жасадым», деп ақталды.
 
Баян Мағзұмова, ОІІД-нің баспасөз хатшысы:
Ғаниевқа қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін, бөтен мүлікті ұрлағаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс  қозғалды.
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу