Қызылордада уланған сарбаздарға диагноз қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада уланған сарбаздарға диагноз қойылды

18.04.2014
Қызылордада уланған сарбаздарға диагноз қойылды
Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатқан 27 сарбазға  «жұқпалы іш ауруы» диагнозы қойылды.
 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы өңірдегі 55/47 Ішкі әскер бөлімінде борышын өтеп жүрген 52 жауынгер кенеттен ауырып, емдеу орнына жатқызылған болатын. Араға 5 күн салып, кеселдің қоздырғышы анықталды. 
 
Ұшынған сарбаздардың алды ауруханаға 13-сәуірде жатқызылып, тиісті сынамалар алынған.
 
Қарақөз Балабекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
27 сарбаздың зертханалық сынамаларының қорытындысымен науқастарға «дизентерия» диагнозы қойылды. Сарбаздар ем қабылдауда. 
 
Қалған 25 сарбаздың диагнозы бүгін кешке белгілі болады.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу