Полицейлер парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер парамен ұсталды

17.04.2014
Полицейлер парамен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында екі мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды. Курчатов қаласындағы уақытша оқшаулау абақтысының басшысы және қалалық полиция бөлімінің қызметкері бір азаматтан 80 мың теңге талап еткен.
 
Бұл адамның кәсіпкерлікпен айналысу үшін құжаттары талапқа сай емес екені анықталады. Заң бойынша полицейлер оның үстінен хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс еді.
 
Бірақ, олар жағдайды ақшамен шешуге болатынын айтып, кейін де ол кісіге қамқорлық көрсетуге уәде береді. Келісілген соманың жартысын алып жатқан кезде парақорлар қолға түсті.
 
Лейла Ысқақова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабы, 4-ші бөлігінің «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен олар қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелу үстінде.
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу