Көлігімен үш адамды қағып кеткен Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бралиевкеқатысты қылмыстық іс қозғалмайтын болды. Бұл туралы әкімшілік полиция басқармасының өкілі мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы сәуірдің 6-ы күні Орал қаласында болған. Көлігімен үш адамды қаққан лауазымды тұлға оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін оның көлікке мас күйде отырғаны да анықталды. Зардап шеккендерден Бралиевке қатысты арыз түспегендіктен, ол тек әкімшілік жауапкершілікке тартылмақшы.
Динара Әбдіхалықова, ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үш адам сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты және Бралиевтің үстінен шағым түсірмейтін болды. Осылайша, тараптардың татуласуына байланысты лауазым иесіне тек әкімшілік жаза қолданылады. Атап айтқанда, ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Рауан ДИӘЛИ