Оралда заңсыз еңбек мигранттары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

16.04.2014
Оралда заңсыз еңбек мигранттары ұсталды
Жедел шара кезінде Орал шекара жасағы заңсыз еңбек мигранттарын қолға түсірді. Өзбекстанның 39 азаматы Зеленов ауданының Богатск елді мекеніндегі жылыжайда жұмыс істеп, көкөніс өсірумен айналысқан.
 
Жұмыс берушілер де - өзбек елінің азаматтары. Олар жылыжайды жалға алған. Заңсыз жұмыс күшін тартумен қатар, елімізде еңбек ету құқығын растайтын жалған құжаттар дайындаған.
 
Көші-қон заңын белден басқан шетел азаматтары тиісті органдарға тапсырылды.
 
Саят Шубаев, 20/29 әскери бөлімінің бастығы:
Қазіргі уақытта қай уақытта, не себеппен келгендіктері анықталып жатыр. Жұмыс берушілер және жұмыс атқарып жүрген азаматтар Заңға сәйкес жауапкершіліке тартылады.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу