Елімізде халық саны 1,5 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде халық саны 1,5 пайызға өсті

15.04.2014
Елімізде халық саны 1,5 пайызға өсті
Еліміздегі халық саны 1,5 пайызға өсіп, 17 миллион 207 мың адамды құрады. Оның 55 пайызы қалалықтар, 45 пайызы ауылдықтар. Бұл өткен жылдың 1 наурызымен салыстырғандағы көрсеткіш. Бұл туралы Статистика агенттігінің бүгінгі баспасөз мәслихатында белгілі болды.
 
Агенттік төрағасының айтуынша, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 9,7 пайызға азайған. Ал жалпы қайтыс болғандар саны 8,8 пайызға кеміпті. Бұдан бөлек бүгінгі баспасөз мәслихатында құрылғанына бес жыл болған Кедендік одақтың көрсеткіштері сөз болды.
 
Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:
Бес жылдың ішінде Кеден одағындағы ең маңызды нәтиже - өзара тауар айналымының 88 пайызға өсуі. Бес жылдың ішінде Қазақстанның Кеден одағына экспорты 63 пайызға өсті. Оның ішінде шикізат экспорты 35 пайызға, шикізат емес, яғни өңделген тауарлардың экспорты 2 есеге өсті. Импорт бес жылдың ішінде 98 пайызға өсті.
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу