Естімеген елде көп. Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану мұражайында адам терісінен тігілген әмиян сақтаулы тұр. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында мұражайда өткен көрмеге келген ақтаулық Лесицын деген ардагер өзінде майданнан қалған, жауынгер терісінен жасалған әмиян барын айтады. Уәде бойынша ол әмиянды көп ұзамай осында табыстапты.
Әмиян тігінен ашылады. Ені - 10 сантиметр, ал ұзындығы - 15 сантиметр. Іші төрт бөліктен тұрады. Тиын салатын қалташасын бекітетін арнайы белдігі де бар. Әмиянның ішкі жағы матамен астарланған.
Нұрболат Қалағанов, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарих бөлімінің меңгерушісі:
Фашистер құрған концлагерлерде мыңдаған тұтқын отырды. Әмиян солардың терісінен тігілген болуы мүмкін деген болжам бар. Әмиянды тапсырған ардагер бұл туралы ешқандай мәлімет қалдырмаған.
Жазира ӘБІЛ