Астанаға еріген қар суынан қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға еріген қар суынан қауіп жоқ

14.04.2014
Астанаға еріген қар суынан қауіп жоқ
Биыл Астана қаласы бойынша еріген қар суының мөлшері 100 миллион текше метрге жетті. Бұл туралы бүгін «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілдері мәлімдеді.
 
Олардың айтуынша, Елордада төтенше жағдайдың алдын алу шаралары жүйелі жүргізілген. Қаланың іргесінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2010 жылы «Астаналық» су қоймасы салынды.
 
«Бүгінде ол қаланы қарғын судан қорғап, апатты жағдайдың алдын алып тұр. Ал, бөгет болмаған күнде 100 миллион текше метр су шаһардың жартысын шайып кетуге жетеді», дейді мамандар. Бөгетке жиналған су мамыр айынан бастап, қауіпсіз түрде Есіл өзенінің арнасына құйылатын болады
 
Тоқтарбек Баймолдаев, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы:
Бүгінгі күні осы бөгетке 100 миллион текше метрден астам су жиналды. Қалаға ешқандай қауіпжоқ.  
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу