Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXI сессиясына Қостанай облысынан 30-ға жуық делегат қатысады. Олардың ішінде облыстағы 70-тен астам этномәдени бірлестіктердің мүшелері бар.
Бүгін Ассамблеяның Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Оңтүстікқазақстандықтар да кезекті сессияға қызу дайындық үстінде.
Облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Икрам Акрамовтың сөзінше, обыста жарты миллионға жуық өзбек ұлтының өкілі тұрады. 56 мектеп таза өзбек тілінде білім берсе, 200-ден астам орта мектеп аралас тілде оқытады.
Жалпы, облыстағы 20 этномәдени бірлестіктің тілі мен дәстүрін дамытуға барлық мүмкіндік жасалған.
Икрам Акрамов, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 2 735 000 халық қоныстанған болса, өзге ұлт өкілдерінің, этностардың 80 пайыздан астамы қазақ тілін біледі.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ