Әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

01.04.2014
Әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті
Бүгіннен бастап әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі Өскемен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды да қуанышқа бөледі. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында жүзеге аса бастаған нақты қолдауға жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар өз ризашылығын білдіруде.
 
Солардың бірі - облыс орталығындағы «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі. Осы ұйымның базасында тігін цехы ашылған және онда қазір негізінен мүгедек әйелдер жұмыс істейді.
«Жәрдемақы мөлшерінің өсуі, әлеуметтік төлемдер алатын адамдарға мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен көмек әрі нақты қолдау деп есептейміз», - дейді олар.
 
Майнұр Әмірова, «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
1 сәуірден бастап жәрдемақымыздың көтерілгенін ұжым болып, өте үлкен қуанышпен қарсы алдық. Келешекте осындай жақсы жаңалықтар көбірек болады деп ойлаймыз.
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу