Көкпектіде қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпектіде қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетіледі (ВИДЕО)

01.04.2014
Көкпектіде қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетіледі (ВИДЕО)
Қарағандыға іргелес Көкпекті ауылындағы тасқын су салдарынан қаза тапқан 5 адамның әрқайсысының отбасына 1 миллион теңгеден үкіметтік жәрдем берілетін болды.
 
Жалпы ауыл халқының барлығы да көмексіз қалмайды. Түрлі жарақат алған 46 адам қаладағы медициналық мекемелерде ем алып жатыр. Ауыл басында да дәрігерлер халыққа қызмет етуде.
 
Бүгін күні түрлі құрылымдардан жиналған 700-ге жуық адам көшелерді, үй аулаларын тазарту жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар 112 бірлік техника көмегімен суды ағызу, қоқыс пен мал өлекселерін тасып шығару сияқты қыруар шаруалар тындырылды.
 
Ал, арнайы құрылған 7 комиссиялық топ ауыл ішін аралап, су тасқынынан келген шығынды есептеуде.
 
Асхат Әли, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:
Тиісті актілер жасалып жатыр. Бүлінген мүліктер, жөндеуге келетін үйлер немесе жөндеуге келмейтін үйлердің орнына үй салу, болмаса иесінің келісімімен төлем жасау сияқты жұмыстар толық бюджет есебінен қарастырылатын болды.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу